Усик: Аса ауыр салмақта абсолютты чемпион болуға тырысамын

Бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усик 25-мамыр күні өтетін аса ауыр салмақтағы Карлос Такаммен өтетін дебютты кездесуі туралы айтып берді. Ол такаммен болар матч өте үлкен сынақ болады деп мәлімдеді.

«25-мамыр менің мансабымдағы ең есте қалар күндердің бірі болмақ. Өйткені мен аса ауыр салмаққа өтемін. Бірінші ауыр салмақта жүріп, мен мүмкін болған жүлденің барлығын алдым. Абсолютты чемпион атандым. Енді тура осында жетістікке өзім үшін жаңа дивизионда да қол жеткізуді армандаймын.

Бұл сынақ Карлос Такаммен болар кездесумен басталады. Бұл оңай кездесу болмас. Дегенімен, аса ауыр салмақтағы чемпиондыққа жету үшін, өзіңді мықты қарсыластармен сынау керек», — дейді украиналық BoxingScene сайтына берген сұхбатында.

Наверх