USADA Ти Джей Диллашоуды екі жылға жарыстардан шеттетті

20 наурыз күні UFC экс-чемпионы Ти Джей Диллашоу допинг тексеруден өте алмай қалды. Спортшы бұдан кейін екінші сынақтың нәтижесін күтпестен чемпиондық белбеуін босатты. Басында оны бір жылға шеттетеді деп қарастырылған болатын.

Ал 9-сәуір күні оған салынған айып өте қатаң болғаны анықталды. USADA Дилашоуды эритропоэтин препаратын қолданғаны үшін екі жылға спорттан аластатты деп хабарлайды SportsCenterдің «Твиттердегі» ресми парақшасы.

Жауынгер допинг тексеруді Хенри Сехудоға қарсы атақ үшін өткен кездесу алдында тапсырған болаты. Бір қызығы сол кездесуді ол бірінші раундтың бірінші минутында ақ ұтылып қалды. Диллашоу UFC-де  2012-жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Содан бері ол мұнда 15 кездесу өткізіп, 12- жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған.

Наверх