ШАВКАТ РАХМОНОВ ЧЕМПИОНДЫҚ АТАҒЫН ЕЛОРДАДА ҚОРҒАЙДЫ

Жартылайорта салмақтағы М-1 Global чемпионы қазақстандық Шавкат Рахмонов атағын 28-маусым күні M-1 Challenge 102 турнирінде қорғайды. Жарыс Елордада өтеді. Бұл туралы «BE STRONG PROMOTION» промоутерлік компаниясы хабарлады .

 «Келісім-шарт бойынша чемпиондық атағын қорғағаннан кейін Шавкат Рахмонов UFC жоғарғы жауынгерлік лигасына өте алады. Ол бір емес, бірнеше рет ММА-ның әлемдік элитасының қатарына өтуге дайын екендігін дәлелдеген болатын. Әуесқойлар арасында ең жас әлем чемпионы атанды. BATTLE OF NOMADS және M-1 Global әлемдік промоушендерінде чемпиондық белбеулерді иеленді. Біз енді алдағы кездесуді тағатсыздана күтетін боламыз. Дәл қазіргі сәтте Шавкат өзінің жеке бапкері Баян Жанғаловпен алдағы кездесуге дайындықты бастап кетті. Алдын ала анықталмаған мәліметтер бойынша Шавкат Рахмоновтың қарсыласы бразилиялық Тиаго Варежао болатын шығар», — дейді Қазақстаннның біріккен ММА федерациясының вице-президенті Асылбек Дүйсенов.

Өз кезегінде федерацияның тағы бір вице-президенті Анатолий Ким қазақстандағы ММА кәсіпқой жауынгерлерін жүйелі түрде дамыту қажеттілігі бұрыннан бар екендігін атап айтты. Осы мақсаттар орындалуы үшін «BE STRONG PROMOTION» қоғамдық бірлестігі құрылды. Енді ұйым талантты әесқой жауынгерлерді кәсіпқой жарыстарға тартатын болады: «Биылғы жылдан бастап біз жаңа кезеңге өттік. Федерациямызды Ғалымжан Есенов басқарады. Ол қол астына осы спорттың жанашырларын жинады. ММА федерациясы әркезде әуесқой спортшыларды дамытумен айналысты. Бірақ кәсіпқойларды да ұмытқан емес. Бұл үшін біз елімізде М-1 Global секілді ірі турнирлерді ұйымдастырып жүрміз. Енді әуесқой ММА-ны джамыту мемлекеттің маңызды бағыттарының бірі болған шақта, мен BE STRONG PROMOTION президенті ретінде ММА кәсіпқойларына толығымен назар аудара аламын. Қазақстанда әуесқой деңгейде өнер көрсетіп жүрген талантты спортшылар өте көп. Олардың барлығы кәсіпқойлық деңгейде өнер көрсетуді армандайды. Тура осы мақсатта біз промоутерлік ұйымды құрдық. Енді ол талантты әуесқой спортшыларды ММА біріккен федерациясы мен Қазақстан жауынгерлік өнері қауымдастығының туы астында кәсіби деңгейге көтерумен айналысады» — дейді.

ММА бойынша ұлттық құраманың бас бапкері әрі Шавкаттың жеке тәлімгері Баян Жанғалов өз шәкірті туралы ойымен бөлісіті: «Менің бапкерлік мансабым барысында мұндай еңбекқор әрі тәртіпті спортшы болған емес. Ол әрқашан басқалардан көбірек жаттығады. Бұл жолы да Шавкат 100 пайызға дайын болмақ. Біз жаттығу процессінде дамытылған ғылыми әдістерді пайдаланамыз. Бір сәтке тоқтамай дами түсуге тырысамыз»-дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмоновқа UFC-ден ұсыныс түскен де болатын. Алайда қазақстандықтың бапкерлері бірінші ретте ресейлік промоушендегі міндеттерін толығымен атқаруды мақсат тұтты. Сосын солтүстікамерикалық промоушенге кетуге жол ашылады.

Біз Шавкатқа алдағы жекпе-жегінде тек қана сәттілік тілейтін боламыз.

Наверх