Пакьяо Турманмен өтетін кездесуден $ 20 млн алады.

12 мамыр күні WBA Regular тұжырымдамасы бойынша жартылай орта салмақтың чемпионы, сегіз салмақ дәрежесінде жүлде ұтып алған  Мэнни Пакьяо WBA тұжырымдамасының толыққанды чемпионы Кит Турманмен кездесетіндігі жарияланды. Кездесу Лас-Вегаста  (Невада штаты, АҚШ) өтеді.

Филипиндіктің турманмен өтетін матчтағы кепілдендірілген сыйақысы $ 20 млн-ды құрайды. Бұл ретте турманның чсыйақысы туралы еш мәлімет жоқ. Бірақ американдық өз мансабы барысында бірінші рет PPV жүйесі бойынша сатылатын кездесуге қатысатындықтан ол да өміріндегі енң жоғары сыйақы алатындығы анық.

Естеріңізге сала кетейік, Пакьяо бұған дейінгі жекпе-жегін 2019-жылдың қаңтар айында өткізіп, Эдриен Бронерді сенімді ұтқан еді. Турманға келер болсақ, Кит бұған дейінгі кездесуінде Хосесито Лопесті қапы қалдырды.

Почитайте также

Наверх