Оспановтың оралуы

Қазақстандық танымал ММА жауынгері Арман Оспанов енді үш күннен кейін кезекті кездесуін өткізеді. Мәскеуде өтетін Аса 95 турнирінде ол германиялық файтер Лом Али Эскиевпен жолықпақ.

«Сұңқар» деген лақап аты бар жерлесіміз бір жылдан аса уақыт жарақатына байланысты октагонға шыққан жоқ. Соңғы рет ол 2017-жылдың желтоқсан айында ресейлік Алексей Полпудниковпен бақ сынасып, төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын. Бұл үлкен дау көтерген кездесу болды. Өйткені Арман көпшіліктің шешімі бойынша жеңіске жеткендей көрінген. Кейінірек сол кездегі АСВ басшылығы да мұны мойындады. Бірақ олар төрешілердің шешімдеріне еш ықпал ете алмайтындықтарын айтқан болатын.

Осыдан тағы біраз уақыт өткенде Арман тағы бір ресейдің өкілі қазақ жанкүйерлеріне Ержан Естановты екі рет ұтуымен таныс, Расул Мирзаевпен кездеседі деген ақпарап тарады. Бірақ бұл кездесу сол күй орын алмады. Себеп «Сұңқардың» жарақатында — деді білетіндер.

Арманға қазақстандық жанкүйерлер үлкен үміт артады. Оның болашағы жарқын екендігіне сенеді. Бірақ уақыт өтіп бара жатыр. Ал «Сұңқар» чемпиондық кездесулерден әзірге алыс тұр. Мүмкін осы кездесуде жеңіске жетсе, біз «Оспанов-Мирзаев» кездесуін көріп қалатын шығармыз. Мүмкін мұхит асып америкаға да кетер. Өйткені дәл қазіргі сәтте әлемнің номері бірінші промоутерлік компаниясының назары қазақ жауынгерлеріне түсе бастады.

Лом-Али Эскиев туралы аздаған мәлімет бере кетейік. Шешенстанда туып өскен ол дәл қазіргі сәтте германияның Дюсельдорф қаласында тұрады. Немістердің намысын жыртып жүрген жайы бар. Рекорды 20 кездесу, 15 жеңіс және 4 жеңіліс. Бір кездесуін тең аяқтаған. Бұл спортшының лақап аты «Арыстан».

Германияда ол өте болашағы зор спортшы саналады. Жергілікті жанкүйерлерге 2013 жылдан бері таныс. «RNC-Martial Arts Gala»  турнирінде ол қарсыласы Вугар Бахшиевті 13 секундта жеңді. «Арыстан» бірінші жойқын лоу-кик жасап, сосын аяқпен басынан теуіп, нокаутқа түсірді.

Дегенімен бұл қарсылас «Сұңқарды» қаймықтыра алмайды. Қазір Арман үлкен жеңістерге зәру. Оның үстіне октагонды сағынып та қалған шығар. Жарыс ресейде өтеді. Ал бұл ретте Арман мұнда талай жеңістерге қол жеткізген. Ресей президенті В.В Путиннің өзі тік тұрып қол соққан бауырымыз бұл жолы да орыс елін жеңісінің куәгері етеді деген үміт басым.

Почитайте также

Наверх