«Найман» октагонға оралады

Қазақстандық аса танымал жекпе-жек шебері қуат Хамитов ұзақ үзілістен кейін октагонға оралады. 26-сәуір күні ол мәскеудегі «Файт Найтс Глобал» турнирінде әзірбайжандық Нариман Аббасовпен бақ сынасады.

Соңғы рет 2017-жылдың қараша айында кездесу өткізген «Найман» бұл қарсыласпен өткен жылы-ақ кездесуі керек болатын. Бірақ ол кезде қазақстандық жауынгер жарақатына байланысты жарыстан бас тартқан болатын. Дегенімен ресейлік промоушеннің де жерлесімізге деген көзқарасы өзгермей, осы жылдың ақпан айында әзірбайжандықты тағы да қарсылас ретінде ұсынды. Бұл жолы «Найман» бірден келісімін берді.

Соңғы рет Қуат Алматыда өткен «Файт Найтс 80» турнирінде ирландиялық Питер Куиллимен жұдырықтасқан болатын. Бұл бір таласты кездесу болды. Басында төрешілер жеңісті Қуат Хамитовқа бергенімен, кейінірек «Файт Найтс» өз шешімін өзгертіп, кездесу тең аяқталды деп жариялады. Дәл қазіргі сәтте қазақстандықтың рекорды 18-6-1.

Қуат ресейлік Зубайра Тухуговпен кездесу өткізгенде қазақстандық жанкүйерлерге кеңінен таныла бастады. Сондай ақ ол кездесулеріне шығуда ерекше шоу жасай алатын бірден бір жауынгер.

Нариман Аббасов ММА әлемінде аса танымал спортшы деп айта алмаймыз. Дегенімен рекорды өте жақсы. 23 кездесуде жеңіске жетіп, үш рет қана жеңілген. Соңғы сегзі кездесуінде жеңіліс деген не екенін білмей келеді. Өткен жылдың 1-сәуірінде Нариман Алматыда өткен «Файт Найтс Глобал 86» турнирінде Әділ Боранбаевты үш раунд қортындысында ұпай санымен ұтқан болатын.
Ал соңғы кездесуін өткен жылдың қазан айында «Файт Найтс 90»-да грузин Михаил Гоитидземен өткізіп,  бірінші раундта ақ ауыр соққысымен нокаутқа жіберді.

Бұл кездесуден дәл қазір жанкүйерлер не күтерін де білмейді. Бірінші ретте бұған себеп қуаттың ұзақ уақыт кездесу өткізбеуінде. «Ол қазір қандай бабында? — деген сұрақ әркімді мазалайтындығы белгілі. Аббасов осыған байланысты Қуатқа қарсы бір-екі ауыз сөз де айтып қалған еді. — «Ол қазір киноға түсуден қолы тимеуде менімен кездесуге қалай шықпақшы» — деп трешток тастаған-ды. Ал бұған қазақстандық: — «Нариман мені актер мен әнші болды дейді ме?  Мен кино мен клиптерге түсіп жүріп ақ ТМДдағы ең үздік ұйымның чемпионы бола аламын. Ешқандай жаттығусыз, тек қана түсірлім. Белбеу менікі болады» — деп жазды Қуат Инстаграмында.

«Файт Найтс 93» турнирі Мытищиде өтеді. Басты кездесуде Фабио Мальдонадо, Анатолий Малыхинмен жекпе-жек өткізеді.

Наверх