Макгрегордың бапкері: Конор қайта оралады. Бұл ММА әлеміндегі ең басты оқиғаға айналмақ

Ирландиялық ММА жауынгері Конор Макгрегордың бапкері Джон Кавана өзінің шәкіртінің қашан октагонға оралатындығын білмейді. Макгрегордың UFC-ге оралуы туралы көптеген сыбыстар жүргенімен, Конор әзірге кездесу өткізуге келісім-шарт жасаспаған.

«Біз Конормен арамыздағы байланысты қалпына келтірдік. Жаттығу жүйесін қалыптастырдық. Келесі кездесу барысында мен оның бұрышында тұрамын. Күн сайын әңгімелесіп жүрміз.

Бірақ мен оның қашан октагонға оралатындығын білмеймін. Әзірге оның қолында нақтыланған кездесудің келісім-шарты жоқ. Қазір оның басқа да шаруалары бастан асып жатыр. Бірақ мен Конордың оралатындығына сенімдімін. Оның оралуы жекпе-жек әлемінің басты оқиғасына айналады», — дейді ол. Irish Mirror.

Наверх