Дамир Исмагуловтың әлемдік рейтингтегі орны жоғарылады

Ұлты қазақ, өзі ресейлік UFC жауынгері Дамир Исмагуловтың жаңартылған әлемдік рейтингтегі орны анықталды. Ол жеңіл салмақ бойынша 14 сатыға жоғарылап, енді 61-сатыда тұр.

M-1 Global ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы,  Дамир әлемнің номері бірінші промоушеніне ауысқанына көп уақыт өткен жоқ. 23-ақпан күні ол Прагада өткен жекпе-жек кешінде екінші кездесуін өткізіп, ұпай санымен испандық спортшыны жеңген болатын. Міне осыдан кейін ол рейтингте барынша жоғарылап, 61-сатыға тұрақтады. Орынборлық қазақ үшін бұл әзірге ауыз толтырып айтар жетістік емес. Амбициясы аспанмен шектескен бұл қазақ баласының басты арманы UFC-ді бағындыру.

Дегенімен бастама жаман емес. Дамир келесі кезудесуінде ақ рейтингте өзінен жоғары тұрған саңлақ спортшымен бақ сынасуы әбден мүмкін. Ал жалпы бұл дивизионда мықты дегендер өте көп. Атақты Макс Холлоуэй, Брайан Ортега және Конор Макгрегорлар осы салмақтың өкілдері болып саналады. Ал чемпион тағы бір ресейлік Хабиб Нурмагомедов екендігі баршаға белгілі.

Дамир UFC-де өнер көрсеткен қаны қазақ екі спортшының бірі. Дегенімен ол әрбір кездесуіне ресейлік үшжолақ туымен қоса, қазақтың көк байрағын бірге алып шығып жүр.

Почитайте также

Наверх